Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Александр Мартынович Чемпиондар лигасы аясында Мадридтік "Реалға" қарсы өткен кездесуден кейінгі есте қаларлық сәтімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футболшы әлем чемпионы Килиан Мбаппемен жейде алмасқан сәтін күлкімен еске алды.
Мартыновичтің айтуынша, бұл оқиға матч аяқталған соң, ойыншылар киім ауыстыру бөлмесіне бет алған дәлізде болған.
"Мен трибуна астындағы дәлізде Мбаппеден жейдесін сұрадым. Ол еш ойланбастан: "Иә, әрине, мәселе жоқ” – деп өз жейдесін маған ұсынды.” – дейді қорғаушы Матч ТВ телеарнасының эфирінде.
Қызық оқиға жейде алғаннан кейін жалғасқан. Александр әлемдік жұлдыздың өз жейдесіне деген реакциясын тексеріп көрмек болған.
"Мен одан әзіл аралас: "Ал саған менің жейдем керек пе?” – деп сұрадым. Сонда Мбаппе: "Иә, әрине, бер” – деп жауап қатты.” – дейді Мартынович Француз шабуылшысының қарапайымдылығына риза болып.