Жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессауди мен орталық қорғаушы Неманья Анджелкович Циндао ұжымымен келісімге келді
30 жастағы Ахмед Эль-Мессауди Тобыл сапында 2024 жылдан бері Қазақстан Премьер-Лигасында ойнап келді. Ол Қостанай ұжымында жалпы алғанда 59 матч өткізіп, 15 гол мен 14 голдық пас берді. Біздің елде болған уақытында марокколық Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңді.
28 жастағы сербиялық Анджелкович біздің чемпионатқа Ахмедтен бір жылға кейін келді. Мәскеу түбіндегі “Химкиде” ойнаған қорғаушы “Ақтөбе” назарына түсіп, бір маусым қорытындысы бойынша 29 ойында алаңға шықты. “Металац”, “Златибор”, “ЧСК Чивара”, “Зиря”, “Радник” клубтарында тәжірибе жинақтаған Неманья “Циндао” ұжымымен бір жылдық келісім шартқа отырды.
Айта кетейік, Қытай чемпионатының жаңа маусымы 22 ақпан күні өз бастауын алады. Премьер-Лиганың қос ойыншысы сол уақыттарда алғашқы дебюттық кездесуін өткізбек.