«Ақтөбенің» қорғаушысы Иван Ордец ҚПЛ деңгейіне байланысты пікірін білдіріп, жаңа чемпионаттағы командасының мүмкіндіктері туралы ойын ортаға салды.
«Футбол жыл сайын дамып келеді. Егер бұрын футболшылар[алаңда көп ойланбаса, қазір олар тез шешім қабылдайды, қорғаныс пен шабуылда ойынды қалай құру керектігін интернеттен көріп-біледі. Барлығы өзгелердің қателігінен сабақ алады», – деп атап өтті Ордец. Биыл «Ақтөбеге» оңай болмайтынына, қиынға соғатынына сенімдімін. Командалар жекеменшік қолға өтіп жатыр. Демек, клубтардың бюджеті ұлғаяды, бұл оларға сапалы ойыншыларды сатып алуға мүмкіндік береді. Инвестиция көбейеді – Қазақстан чемпионатының дамуы (прогресі) да осында», – деді украиналық футболшы «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.
Иван Ордец украиналық «Шахтер», ресейлік «Динамо» және германиялық «Бохум» сапында доп тепкен. 33 жастағы қорғаушы сондай-ақ Украина ұлттық құрамасы сапында 12 матчта бір гол салды.