ҚПЛ легионері Қазақстандағы футбол жайлы: жоғарыда сенің ағаң не басқа бір таныс-тамырың отырса, жерде қалмайсың...

22.12.2025, 16:51

«Атыраудың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Жоэль Каямба «мұнайшылардың» директорлығына тағайындалған Қуандық Жақиялиев туралы пікірін ашық айтты.

ҚПЛ легионері Қазақстандағы футбол жайлы: жоғарыда сенің ағаң не басқа бір таныс-тамырың отырса, жерде қалмайсың...
Жоэль Каямба

ДР Конго құрамасының ойыншысы Қазақстан футболында тамыр-таныстық белең алған.   

«Саған адал болғаны үшін лауазымды қызметтерді таратсаң... Бұл адам қалайша трансферлерді жүзеге асырмақшы. Жалпы, ол алдағы уақытта қалайша тұтастай индустрияны түсініп алады? Әркімге өзіне лайықты орны тиесілі, бірақ Қазақстанда олай емес. Мұнда барлығы биліктің айналасына топтасқан. Егер жоғарыда сенің ағаң не басқа бір таныс-тамырың отырса, жерде қалмайсың», - деді африкалық футболшы «ASnews.kz» берген сұқбатында.

Осы қыркүйекте «Атырау» директоры болған Қуандық Жақилияев оған дейін бірнеше ауданда округ әкімі, мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, «мұнайшылар» жүйесінде балалар жаттықтырушысы болғаны да мәлім. Естеріңізде болса, атыраулық клуб легионерлеріне маусым соңындағы жалақысын төлей алмағаны жайлы мәлім болған. Клубтың ҚПЛ-де қалуына байланысты уәде етілген сыйақы да берілмеген ұқсайды. Шетелдік футболшылар енді осыны негізге алып, УЕФА-ға арызданамыз деп алға тартып отыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×