ҚПЛ өнер көрсеткен алғашқы голландиялық ойыншы жайлы біз не білеміз?

Кезекті мақаламызда Қазақстан чемпионатында екі маусым қатарынан доп тепкен голландиялық Десли Уббинк туралы баяндаймыз. 

 

ҚПЛ өнер көрсеткен алғашқы голландиялық ойыншы жайлы біз не білеміз?

2014 жылдың 1 ақпанында Қазақстан чемпионатында күтпеген трансферлердің бірі болды. “Тараз” ФК голландиялық Десли Уббинк атты футболшыны қатарына қосты. Қаптал вингері оңтүстік ұжымға сол кездері ойын тәжірибесін арттыру үшін келген. ҚПЛ ұжымына дейін Уббинк отанындағы “Валвейкте” ойнап келді. Таңдауымен көпті таңғалдырған “Тараз” 21 жастағы жас футболшыны жалпы 31 ойынға алаңға шығарды. Сол кездесулерде Уббинк өзінің жақсы дриблингі бар екенін көрсете алды. Голландиялыққа уақыт өте қарсылас команданың қорғаушылары баса назар аудара бастады. Ал бұл өз кезегінде Деслидің шабуылда жүрген әріптестерінің оң жамбасына жақты. Оңтүстік өңірде өткізген бір маусымында вингер 2 гол мен 3 голдық пас берді. Үнемі қарсыластың қақпасына қауіп төндіретін ойыншы үшін бұл аз, әрине. Алайда Десли аса нәтижелі болмасада командадағы ерекше футболшыларының бірі болды. Айтпақшы, Уббинктің Қазақстанға келуіне басты себепкер болған -  Арно Пайперс. Бапкер вингерді “Тараздың” Түркиядағы ОЖЖ арнайы шақыртқан. Голландиялық бағын сынай келе, Қазақстанған қоныс аударуды құп көріпті. Содан бері Пайперстің баптауында Десли ішкі чемпионаттың қыр-сырын түсінді. Тіл жағынан қиналмай адаптация процесі тез жүрді. Бірақ Уббинктің “Тараздағы” жорығы ұзағынан болмады. Арно Пайперс қызметінен өз еркімен кеткен күні бапкерлікке Евгений Яровенко келді. Ол өз кезегінде Деслиге сенім артпады. Ақыры соңында голландиялық сатылымға қойылды. Ал оның шабуылдағы орнын “Ертістен” келген Алишер Сүлей басты. Яровенконың жаңа тактикасына Уббинктен бөлек, Жақып Қожамберді де келмеді. Голландиялық. “Тараз” түлегіне қарағанда, жаңа командасын тез тапты. 2015 жылдың жазында вингер қарағандылық “Шахтерге” ауысты. Ішкі чемпионатқа еті үйренген Уббинк кеншілер сапында жарқырай кетті. Футболшы өзің керек қылмаған “Тараз” командасына жеңіс голдарын соғып, оңтүстік ұжымның тырнақ тістеп қалуына сеп болды. Оның ойын барысында Жамбылдық қорғаушыларды әбден әбігерге салған жарқын сәттері ютуб желісінде әлі күнге дейін бар. 2016 жылғы чемпионатта Десли Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшылары қатарына кірді. “Шахтер” үшін сол маусымда 30 ойын өткізген Уббинк 6 гол мен 6 голдық пас берді. Маусым барысында ол қарсылас қақпасына 46 соққы жасады, соның 24 дәл болды. Деслидің сол кездегі пастарының дәлдігі 79 пайызды құрады. Голландиялық бұл көрсеткіш бойынша Джордже Деспотович пен Жерар Гоудан ғана есе жіберді. Дәл осы Десли қарағандылық клубтың 2016 жылғы чемпионаттағы алғашқы голын соқты. Вингер  “Астана Аренада” 8 минутта ерекшеленсе де, Станимир Стойлов шәкірттері жеңісті жұлып әкетті. Сол маусымнан кейін Уббинктің трансферлік құны 200 мың еуродан, 600 мың еуроға көтерілді. Қазақстаннан кейін вингер бес команда ауыстырды. Бірақ голландиялық  тек екеуінде ғана жақсы өнерімен көзге түсті. Мәселен, польшалық “Подбескидзені” ол жоғары біріншілікке алып шықса, румыниялық УТА “Арадта” команда капитаны мәртебиесіне дейін көтерілді. Премьер-лигаға келгенде, 20 болған Десли қазірде 31 жаста. Ол румыниялық “Корвинул” ұжымының намысын қорғауда. Хунедаора команда үшін бүгінгі күнге дейін Уббинк барлығы 6 ойын өткізді. Жас өзінікін алады демекші, голландиялық көп жерде қосалқы құрамнан алаңға шығып жүр. Бұрыңғыдай шабуылда жылдамдығы мен дриблингі жоқ Десли “Астанамен” қарымта кездесуде ойнап қалуы мүмкін. Себебі, Конференция Лигасында елордалық ұжым “Корвинулмен” баш сынауда. Әзірге алғашқы сырт алаңдағы ойын отандық команда үшін сәтті өтті (1:2 - “Астана” жеңісі).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×