ҚПЛ өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Тунис чемпионатына ауысты

30.07.2024, 19:39

2024 жылғы маусымды “Тұранда” бастаған Феди Бен Чоуг Тунис біріншілігінде бағын сынайды. 

ҚПЛ өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Тунис чемпионатына ауысты

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшы “УС Монастир” командасына еркін агент ретінде ауысқан. Негізі Бен Чоугтың трансферлік құны 500 мың еуро.

Премьер-лигада Феди 9 ойын өткізіп, 1 голдық пас берді. Онымен қоса, бір сары мен қызыл қағаз алып көзге түсті. 

Бен Чоуг кәсіби мансабында француздық “Париж”, “Обервилье”, тунистік “Сфаксьен”, “Стад Тунизьен”, “Бизертен”, “Эсперанс” және марокколық “Хасания” клубында өнер көрсеткен. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×