Қазақстан Премьер лигасының 2026 жылғы маусымында төрешілер мен матчтың ресми тұлғаларына төленетін еңбекақы мөлшері анықталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футбол алаңындағы тәртіп пен әділдікті бақылайтын мамандардың бір ойын үшін алатын табысы айтарлықтай қомақты.
Биылғы маусымда төрешілер корпусының гонорарлары жауапкершілік деңгейіне қарай төмендегіше бөлінген:
• Бас төреші: Алаңдағы басты тұлға әр матч үшін 713 514 теңге алады.
• Төрешінің ассистенттері: Бүйірдегі қаптал төрешілеріне 396 396 теңге төленеді.
• VAR төрешісі: Бейнеқайталау жүйесіне жауапты маман 339 768 теңге табыс табады.
• VAR ассистенті: Оның көмекшісіне 283 140 теңге қарастырылған.
• VAR операторы: Техникалық жағын қамтамасыз ететін маманға 155 728 теңге беріледі.
• Инспектор мен Делегат: Ойынның өту барысын бақылайтын инспектор 254 826 теңге, ал матч делегаты 150 000 теңге алады.
• Резервтегі төреші: Қосалқы төрешінің еншісінде 62 292 теңге.