КПЛ трансферлері

12.01.2019, 14:16
КПЛ трансферлері
Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын клубтардың дені Түркияның жылы жағалауларына кетті. Қазірден бастап клубтарымыз жаңа ойыншыларды сынап көріп, трансферлік келісімдер жасауда. Соңғы аптада болған жаңалықтар жайлы баяндап өтсек. Алматының «Қайраты» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаевпен толықты. 24 жастағы ойыншы «Ордабасы» командасында жүріп жарқырап еді. Тұңғышбаев үшін бұл жаңа бастама болғалы тұр. «Қайрат»  алғашқы оқу-жиындарын белоруссиялық маман Алексей Шпилевскийдің бастауымен Алматы қаласындағы өзінің жеке спорт кешенінде өткізуде. Көкшетаудың «Оқжетпесі» Андрей Карповичті бас бапкер қылып алысымен, одан әрі күшейіп жатыр. Өткен аптада олар Жасұлан Молдақараевпен келісімге келді. Ол өткен жылы «Ордабасы» командасының негізгі ойыншысы болған. Шымкенттің «Ордабасы» командасы бірнеше ойыншыларын жіберіп алғанымен, басты назарға ілікті. Клуб басшысының кеңесшісі деген қызметке Саян Хамитжанов тағайындалды. «Астананы» бес рет чемпион қылған маман енді жеңіс пен сәттілікті Шымкентке алып келуі мүмкін. Қостанайдың «Тобылы», павлодардың «Ертісі», қарағандының «Шахтері» Түркияның жасыл алаңдарында жаттығып жатыр. «Ертіс» пен «Шахтер» өткен жылғыдай шоқ басып қалмас үшін қамданып жатса, «Тобыл» тіпті чемпиондыққа қол созбақ. Оның айқын дәлелі ретінде белоруссиялық қорғаушы Михаил Гордейчуктың «Тобылға» келіп қосылуы. Бір қызығы «Батэнің» негізгі қорғаушысы болған Гордейчук қарағандылық «Шахтер» академиясының түлегі екен. Руслан ЕСІМОВ- «Ертіс» ФК жартылай қорғаушысы Командада павлодардың жігіттері өте көп. Маған осы жағы ұнап тұр. Ал жаңадан келгендерге тезірек сіңісіп кетуге көмектесеміз. Қазақстан біріншілігінің ең шабуылдаушы командасы «Ақтөбе» бапкер ауыстырды. Владимир Мұқанов кетіп, оның орнына белорус Александр Седнев келді. Ол өткен маусымда Мұқановтың көмекшісі болып еді. Қазір команда Түркияда, жаттығуларын бастап кетті. Сонымен қатар, команда «Қайсарда» өнер көрсеткен Валерий Каробкинді қатарға қосыты. Ол 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Ақтөбе» намысын жыртқан.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×