“Краснодар” Дубайда Қазақстандық клубпен күш сынасады

18.01.2026, 19:20

Ресейлік "Краснодар" клубы қысқы оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстандық командалардың бірімен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Краснодар” Дубайда Қазақстандық клубпен күш сынасады

Бұл туралы команданың бас бапкері Мурад Мусаев Матч ТВ арнасының тікелей эфирінде мәлімдеді.

Қазіргі уақытта “Бұқалар” Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында алғашқы дайындық кезеңін өткізіп жатыр. 14 қаңтарда басталған бұл жиын айдың соңына дейін, нақтырақ айтқанда 28 қаңтарға дейін жалғасады.

Мурад Мусаевтың айтуынша, команда шетелдік клубтармен көбірек ойнауды жоспарлаған, бірақ қазірше күнтізбеде тек бір ғана Қазақстандық ұжым бар.

"Біз негізінен шетелдік ұжымдармен ойнағанды қаладық, бірақ әзірге жоспарда Қазақстаннан бір қарсылас және қалғаны Ресей клубтары. Олар — мықты командалар, дегенмен ойын стилі жағынан әртүрлілік болғанын қалар едік.” — деді бас бапкер.

Сондай-ақ, "Краснодар" Мәскеулік "Зенитпен” де кездеспек. Бұл ойынның ерекшелігі — тараптар 120 минуттық форматта ойнауға келіскен. Бапкердің түсіндіруінше, мұндай ұзақ уақыт жарақаттан жаңа айыққан және ойын тәжірибесі аз футболшылардың бабын тексеру үшін қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×