Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами Қазақстанға қарсы ойын алдындағы баспасөз жиынында командасының дайындығы мен алдағы кездесу туралы пікір білдірді.
— Қазақстанның көптеген футболшылары жайлы интернет арқылы оқығанмын. Жас футболшыларыңыз (Самородов, Сәтпаев) сіздердің ұлттық құрамаларыңыздың болашағы.
Ертең өте қиын матч болатыны анық. Мұнда ешбір команда келіп, жеңісті оңай аламын деп ойламауы керек. Ал жасанды төсенішке келсек, біздің ойыншылар үшін үйреншікті емес. Бірақ мұндағы алаң сапасы өте жақсы. Салыстырмалы түрде 2026 жылғы әлем чемпионатында біз АҚШ, Канада, Мексика арасында ұзақ қашықтықтарды бағындыруымыз қажет. Ал оның қасында Қазақстанға келіп кету қалыпты нәрсе. Жеребе түскен сәттен бастап, біз барлығына дайын болғанбыз, — деді Беллами.
Айта кетейік, Қазақстан – Уэльс матчы 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» өтеді.