Криштиану "Манчестер Ситиға" ауыса ма ?

20.05.2011, 19:22
Криштиану "Манчестер Ситиға" ауыса ма ?
Чемпиондар лигасына жолдама алган "Манчестер Сити" аталмыш турнирде сәтті өнер көрсету мақсатында қатарларын әлем футболының жарық жұлдыздарымен жасақтауды көздеп отыр . Клуб қожайыны шейх –Мансұр бен Заид Аль Сұлтан Нахан өзінің командасында «Реал» ойыншысы Криштиануды көргісі келетінін жасырмады . Олар бірнеше рет испандық командаға ұсыныс хат жіберген . Алғашында португалиялық періге 100 млн, кейн 150 млн ұсынған . Келісімге келе алмаған ағылшындық ұжым енди 180 млн ұсынып көрмек . Ал егер екіжақ келісімге келіп жатса Роналду жылына 17 млн айлық алатын болмақ. Алайда королдік клубтың президенті Флорентино Перес ешкандай ақшаға португалдықты сатпаймыз дегенді қайталаудан жалықпауда . Криштианудың келісімшартында клубқа 1 млрд ұсынған жағдайда келісімді бұзуға болатын бөлімнің барын ескерсек кім біледі бәрә мүмкін «алтын көрсе періште жолдан таяды». Перес өз қосынында Мессиді көргісі келетінін бұдан бұрын да бірнеше рет айтқан. Бәлкім Месси үшін Криштиануды құрбандық қылар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×