Криштиану Роналду болашағына қатысты нақты шешім қабылдады

27.08.2021, 16:42
Футболшы мансабын Англияда жалғастырады.
Криштиану Роналду болашағына қатысты нақты шешім қабылдады

Криштиану Роналду "Ювентустен" кету туралы шешім қабылдады және клубтан өзін тез арада сатуды сұрады, деп хабарлайды италиялық журналист Фабрицио Романо.

"Ювентус" футболшыны сату үшін "Манчестер Ситидің" ресми ұсынысын күтуде. Роналду туриндік клубтың келесі матчына қатыса алмайды. Хорхе Мендеш дәл қазіргі сәтте тікелей "Манчестер Ситидің" басшылығымен жұмыс жасауда.

"Ювентус" өз футболшысын 28-30 миллион еуррға бағалады. Бұл мәмілеге Габриэль Жезустың ешқандай қатысы жоқ. Пеп Гвардиола оны осы жазда клубта сақтап қалғысы келеді. Есесіне командадан Рахим Стерлинг кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×