Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында 125 гол соғып, рекорд орнатты

11.04.2019, 08:26
Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында 125 гол соғып, рекорд орнатты
"Аякс" пен "Ювентус" арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчта турнирдің басты рекорды тіркелді. Бірінші тайм түгесілеп тұста "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду гол соғып, өз командасын есепте алға шығарды. Осылайша, португалдық сұрмерген Чемпиондар лигасы аясындағы 125 голын соғып, турнир тарихындағы аталған көрсеткішті бағындырған алғашқы футболшы атанды. -Бір қызығы, Роналду өзінің осы турнирдегі алғашқы голын тура 12 жыл бұрын, 2007 жылдың 10 сәуірі күні "Манчестер Юнайтед" жейдесінде соққан. Ал Роналдудың нәтижесіне жақын уақытта өзгерту енгізер тек Лионель Мисси ғана. Крироның ізін қуып келе жатқан "Барселона" шабуылшысы Чемпиондар лигасында 108 гол соққан.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×