Криштиану Роналду & Джоржина Родригестің үйлену тойы қашан болмақ?

05.11.2025, 09:30

Криштиану Роналду өзінің жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, үйлену жоспарлары жайлы шын ниетін білдірді. Сұхбат барысында Португалдық шабуылшының әр сөзі жылы әзіл мен шынайылыққа толы болды.

Криштиану Роналду & Джоржина Родригестің үйлену тойы қашан болмақ?

– Үйлену тойы болып қойды ма?

Роналду: Жоқ, әлі болған жоқ. Біз оны Әлем чемпионатынан кейін, кубокпен бірге өткізуді жоспарлап отырмыз (күліп), бірақ…

– Той өтетін орынды таңдадыңыздар ма?

Роналду: Жоқ, ол жағын әлі ойластырған жоқпыз. Себебі ол (жары) ондай үлкен, даңғазалы шараларды ұната бермейді. Керісінше, тыныш, жеке ортада болғанды қалайды. Мен оның таңдауына құрметпен қараймын. Ақыр соңында, мен үшін ең маңыздысы — оның өзі.

– Ал бойдақтық кешіңіз қайда өтеді? Мен де барсам бола ма?

Роналду: Әрине!

Керемет! Демек бұл сұхбат ресми шақыру болып есептеледі ғой?

Роналду: Қазір бәрін ұйымдастырып жүрген кім дейсіз бе? Жоау бәрін реттеп жатыр — біздің компанияның бас директоры барлық жоспарды қадағалайды. Егер сізге шақыру келсе… бір апта бойы бірге тойлаймыз деп ойлаймын!

Ол бір аралда өтетін шығар, иә?

Роналду: Сіз енді біздің отбасының бір бөлігісіз ғой.

Морган: Рақмет, Криштиану.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×