Криштиану Роналду ең көп жалақы алатын футболшы атанды

22.09.2021, 15:51
Одан кейінгі орындарға ПСЖ-ның үш бірдей футболшысы жайғасты.
Криштиану Роналду ең көп жалақы алатын футболшы атанды

36 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Ювентустен" "Манчестер Юнайтедке" ауысуы оған Forbes нұсқасы бойынша ең көп жалақы алатын футболшы атануға ​​мүмкіндік берді. Бұл туралы Goal порталы хабарлайды.

Роналду 2021/2022 жылғы маусымда салықты есептемегенде 106,6 миллион еуро табуға тиіс, оның 59,7 миллион еуросы оның жалақысы мен "Олд Траффордқа" қайтқаны үшін берілетін бонустардан түседі.

Ал Лионель Месси 93,8 миллион еуромен Роналдудан сәл ғана артта қалды, ал "Пари Сен-Жермендегі" әріптесі Неймар (81 миллион еуро) мен Килиан Мбаппе (36,7 миллион еуро) үздік төрттікті түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×