Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең көп гол соққан төртінші футболшы атанды

13.11.2020, 03:25
Әлемдік рекордты бұзу үшін 60 гол керек.
Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең көп гол соққан төртінші футболшы атанды

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду кеше Португалия құрамасы сапында Андорраға қарсы жолдастық кездесуде гол соқты (7:0).

Football Italia басылымының хабарлауынша, кеше ол кәсіби мансабындағы 746-шы голын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол венгриялық футболшы Ференц Пушкашты қуып жетіп, футбол тарихындағы үздік бомбардирлер тізімінде төртінші орынға көтерілді. Жоғарыда тек Пеле (767 гол) мен Ромарио (772 гол), сонымен қатар австриялық Йозеф Бицан (805 гол) бар.

Роналду - Лиссабондық "Спортинг" клубының тәрбиеленушісі. Сондай-ақ, 35 жастағы футболшы "Манчестер Юнайтед" пен "Реал Мадрид" командаларының да намысын қорғады. 2018 жылы жылы "Ювентусқа" ауысты. Криштианудың Туриндік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жврамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×