Криштиану Роналду Йозеф Бицанның рекордын жаңартты

13.03.2022, 15:27
Португалиялық шабуылшы «Тоттенхэм» қақпасына үш гол соқты.
Криштиану Роналду Йозеф Бицанның рекордын жаңартты

«Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду гол саны бойынша австриялық және чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицанның әлемдік рекордын жаңартты.

Португалиялық футболшы Англия Премьер-лигасының 29-туры аясында «Тоттенхэм Хотспурмен» бооған ойында (3:2) хет-трик жасады. Осылайша, Роналдудың клубтық деңгейде және ұлттық құрамада соққан голдар саны 807-ге жетті. Бұған дейінгі рекорд Йозеф Бицанға тиесілі еді (805 гол). Бірақ Чехия футбол қауымдастығы Бицанның ресми кездесулерде 821 гол соққанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Криштиану Роналду мансабындағы 59-шы хет-тригін жасады. Оның қырық тоғызы клуб деңгейінде жасалса, қалған оны ұлттық құрама сапында соғылды.

Роналду осы маусымда Англия Премьер-лигасының 24 матчына қатысып, 12 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×