
Криштиану Роналду футбол мансабынан тыс жаңа бағытқа бет бұрды. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясындағы “Аль-Наср” клубында ойнап жүрген 40 жастағы футбол аңызы енді кино әлемінде жаңа белесті бағындырмақ.
Роналду атақты режиссер және продюсер Мэттью Вонмен бірігіп, "UR MARV” деп аталатын кино студиясын ашты. Бұл студия заманауи технологияларды дәстүрмен үйлестіре отырып, спорт пен кино әлемін біріктірмек.
Роналду футболдан тыс бизнесте бұрыннан белсенді. Ол өзінің парфюмерия мен киім брендін, сондай-ақ қонақүй желісін дамытып келеді. 2015 жылы ол Мадейрадағы Pestana Group компаниясымен серіктесіп, CR7 брендімен қонақүйлер желісін ашқан. Қазіргі таңда Лиссабон, Фуншал, Мадрид, Нью-Йорк (Times Square) және Марракеш қалаларында CR7 қонақүйлері жұмыс істеп тұр.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET