Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды

14.10.2020, 01:47
Инфекцияны Португалия құрамасының сапында жүріп жұқтырып алды.
Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды A Bola.

Дереккөздің айтуынша, футболшы ауруды симптомсыз бастан кешіруде және өзін жақсы сезінеді. Алайда, инфекцияға байланысты форвард Швеция құрамасымен (14 қазан) УЕФА Ұлттар лигасының 4-тур матчын өткізіп алады.

Бұған дейін, Роналду оқшауланудан бас тартып, "Ювентус" клубының басшылығымен жанжалдасқаны туралы хабарланған болатын. Нәтижесінде шабуылшы ұлттық құрама сапында ойнау үшін кетіп қалған еді.

Роналду «Ювентусқа» 2017 жылдың жазында «Реалдан» ауысқан. Трансфер сомасы 117 миллион еуроны құрады. Осы маусымда 35 жастағы шабуылшы Италия чемпионатының екі матчына қатысты (екеуі де - негізгі құрамда), үш голдың авторы атанды (біреуі - пенальтиден). Футболшының клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған. Ол Португалия құрамасында 167 матч өткізіп, 101 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×