Криштиану Роналду әлем чемпионаты туралы өз көзқарасын білдіріп, бұл турнир футболшының ұлылығын анықтайтын басты марапат емес екенін айтты.
Оның ойынша бір ғана турнирдің нәтижесіне қарап, ойыншыны тарихтағы ұлы футболшылар қатарына қосу әділетсіз.
"Әлем чемпионатын ұту – менің арманым емес. Бір турнирдегі жеңіс сені тарихтағы ең үздіктердің бірі етеді деп ойламаймын. Алты-жеті матчтың нәтижесіне қарап баға беру дұрыс емес.” — деді Роналду Пирс Морганға берген сұхбатында.
Айта кетейік, келесі Әлем чемпионаты 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.