ФИФА португалдықтың жазасын жеңілдетті.
Ирландияға қарсы іріктеу ойынында тікелей қызыл қағаз алып алаңнан қуылған Криро 3 матчқа дейін шеттелуі тиіс болған. Алайда ФИФА әйгілі футболшыны тек 1 кездесуге аластатты.
Шабуылшы ол жазасын өтеп тастады. Армениямен болған ойында Роналду алаңға шықпады. Бір қызығы Бернарду Сильва бастаған Португалия құрамасы Криштиану жоқтығына қарамастан, армяндарға 9 гол соқты. Сөйтіп іріктеудегі ең ірі жеңісіне қол жеткізді.
2026 жылғы Әлем чемпионаты 40 жастағы Роналду үшін мансабындағы соңғы халықаралық ірі турнирлердің бірі болады. Криштиану мансабаның нүктесі көңілді нотада қойылу үшін тек мундиаль Кубогы ғана жетіспейді.