Криштиану Роналду мыңыншы голын қашан соғады?

17.10.2025, 22:13

Sky Sports сарапшылары Криштиану Роналдудың мансабындағы 1000-голды қашан соғатынын есептеді.

Криштиану Роналду мыңыншы голын қашан соғады?

Мамандардың болжамынша, егер Роналду қазіргі қарқынын сақтап қалса, ол тарихи 1000-голдық межеге 2026 жылдың қазан айында жетуі мүмкін. Есептеу кезінде сарапшылар оның клубтар мен ұлттық құрама сапындағы барлық голдарын, сондай-ақ алдағы уақытта ойнауы ықтимал матчтар санын ескерген.

Бүгінгі таңда 40 жастағы Португалия құрамасының капитаны жалпы 948 гол соққан. Оның ішінде 143 гол – ұлттық құрамада, ал 805 гол – клубтық деңгейде тіркелген.

Роналдудың қазіргі келісімшарты Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубымен 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Демек, оған бұл тарихи жетістікке жетуге әлі уақыт жеткілікті.

Биылғы маусымда Роналду “Әл-Наср”сапында 6 ойын өткізіп, 5 гол және 1 нәтижелі пастіркеген.

Sky Sports сарапшыларының айтуынша, Роналдудың мұндай тұрақтылығы мен нәтижелілігі оның футбол тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайта түсуде. Олар сондай-ақ жасы ұлғайғанына қарамастан, Роналдудың әлі де жоғары деңгейде ойнап, кәсіби тәртіп пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, егер ол жарақаттан аман болып, қазіргі физикалық және ойын қарқынын сақтай алса, онда мыңыншы гол – Роналду үшін қол жетімді мақсат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×