Криштиану Роналду оңай құтылды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
29.02.2024, 11:18

Португалиялық футболшы "Әл-Насрдың" бір кездесуінен шеттетілді. Осы аптада Сауд Арабиясының Про-лигасын шулатып жатқан Криштиану Роналдудың оғаш қылығына тәртіптік комитет осындай жаза қолдануды жөн көріпті.

Криштиану Роналду оңай құтылды

Айта кетейік, өткен демалыста әйгілі шабуылшы өз командасының “Аш-Шабабпен” болған бәсекесінен кейін қарсылас команда жанкүйерлеріне ерсі қылы қтанытқан еді. Роналдудың бұнысын бүкіл Сауд Арабиясы болып мазақ деп бағалап, футболшыны жазалауды сұраған болатын. Осыған жауап ретінде футбол федерациясының тәртіптік комитеті “Әл-Насрдың капитанын бір ойынға дисквалификациялады. Сондай-ақ, Роналду қомақты көлемдегі ”($7,9 мың.) айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×