Криштиану Роналду Португалдық сыншыларға ашуланды: “Футболдан хабары жоқ ақымақтар!”

20.09.2025, 17:30

“Аль-Наср” капитаны Криштиану Роналду Португалдық спорттық подкасттың үзіндісінің астына жазба қалдырып, журналистердің Жоау Феликсті сынауына қатты наразы болды.

Криштиану Роналду Португалдық сыншыларға ашуланды: “Футболдан хабары жоқ ақымақтар!”

Подкаст жүргізушілерінің бірі Феликстің Сауд Арабиясына көшуін “нағыз масқара” деп атаған. Бұған жауап ретінде Роналду қысқа да нық пікір жазды:

“Ақымақтар, футболдан түк түсінбейсіңдер, бірақ бәрібір пікір айтасыңдар!” – деп ашуын білдірді Португалиялық жұлдыз.

Еске сала кетсек, Жоау Феликс өткен жазда “Челсиден” “Аль-Насрға” ауысқан болатын. Ол жаңа клубында небәрі бес матчта өнер көрсетіп, төрт гол соғып үлгерді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал Transfermarkt деректеріне сүйенсек, оның нарықтық бағасы – 20 миллион еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×