Криштиану Роналду Премьер-лиганың осы маусымдағы ең нашар шабуылшысы болып танылды

02.10.2021, 20:39
Роналду қарсыласқа прессинг жасауды доғарды.
Криштиану Роналду Премьер-лиганың осы маусымдағы ең нашар шабуылшысы болып танылды

«Манчестер Юнайтед» клубының 36 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду орташа есеппен әр ойында қарсылас қорғаушыларына прессинг жасау дәрежесі бойынша Англия Премьер-лигасының ең нашар шабуылшысы болып табылады. Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады.

Рейтингте 28 жастағы «Кристалл Палас» шабуылшысы Уилфрид Заха (20) мен «Брайтон» шабуылшысы Нил Мопе (20) алғашқы орынды бөлісіп тұр. Үздік үштікті «Ливерпульдің» шабуылшысы Диого Жота (19.8) түйіндеді.


Криштиану Роналду, қарсыластарына әр ойында шамамен 2,7 рет қана қысым көрсеткен

Айта кетейік, тізімге ағымдағы маусымда кемінде 270 минут ойнаған футболшылар кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×