Криштиану Роналду соңғы үш жыл бойы алаяқтарға алданып келген екен

20.09.2021, 23:01
Қазір қылмыскер жазасын өтеуде және алған ақшасын қайтаруда.
Криштиану Роналду соңғы үш жыл бойы алаяқтарға алданып келген екен

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналдуды үш жыл бойы алаяқтардың құрбаны болған. Португалиялық Jornal de Noticias газеті хабарлағандай, жалпы шығын 288 000 еуроны құрайды екен.

Дереккөздің мәліметінше, туристтік агенттікте жұмыс істейтін 53 жастағы әйел Роналдудан 200 саяхатқа жұмсалатын ақша алған. Бірақ Криштиану ешқайда бармаған. Сонымен қатар бұл алаяқ Нани, Мануэль Фернандеш және агент Хорхе Мендешті де алдап келген.

Аталған қылмыскер 2017 жылы құрықталды. Ол соңғы төрт жылдан бері түрмеде отыр және футболшылардан алған ақшасын қайтаруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×