Криштиану Роналду XXI ғасырдың үздік футболшысы атанды

28.12.2020, 15:49
Жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталды.
Криштиану Роналду XXI ғасырдың үздік футболшысы атанды

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Globe Soccer тұжырымы бойынша ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы деп танылды.

Дауыс беру кезінде Роналду 38% жинады. Екінші орынға "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси (24%) жайғасты. Үздік үштікті "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах (23%) түйіндеді. "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо (14%) төртінші орын алды.

Ал "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски өз кезегінде "Жылдың үздік футболшысы" сыйлығын жеңіп алды. Жылдың үздік бапкері болып Ханс-Дитер Флик танфыды, ғасырдың жаттықтырушысы - "Манчестер Ситидің" тәлімгері Хосеп Гвардиола болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×