Криштиану Роналду «Ювентус» ойыншылары арасында тарихи рекорд орнатты

13.05.2021, 19:28
Кеше Роналду туриндік клуб сапындағы 100-ші голын соқты.
Криштиану Роналду «Ювентус» ойыншылары арасында тарихи рекорд орнатты

Реджо-нель-Эмилиядағы (Италия) "Мапей-Читта-дель-Триколоре" стадионында Италия чемпионатының 36-туры аясында "Сассуоло" "Ювентусты" қабылдады. Кездесуде 3:1 есебімен туриндік клуб сенімді жеңіске жетті. "Ювентустың" 36 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду бұл ойында бір гол соқты

Twitter-де Opta Paolo статистикалық порталының мәліметінше, Роналду туриндік клубтың тарихында "Ювентус" үшін барлық турнирлерде 100 голды небәрі үш маусымда соққан алғашқы ойыншы атанды. Бұған дейін туриндік клубтың футболшылары 100 гол соғу үшін кем дегенде төрт маусым ойнаған.

Осы маусымда Криштиану Роналду "Ювентус" сапында барлық турнирлерде 42 кездесуге қатысып, 35 гол және төрт нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×