Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналдудың ұлы — Криштиану Джуниор алғаш рет Португалияның 16 жасқа дейінгі ұлттық құрамасына шақыртылды.
Қазір 15 жастағы жас ойыншы Сауд Арабиясының “Әль-Наср” клубының академиясында өнер көрсетіп жүр. Оның ойыны бапкерлердің назарын аударып, енді ұлттық деңгейде өз мүмкіндігін сынауға мүмкіндік алды.
Жас Роналду Португалия құрамасымен бірге Түркияның Анталия қаласында өтетін Федерация кубогына қатысады. Бұл турнирде Португалия U-16 командасы Түркия, Англия және Уэльс құрамаларымен кездеседі.
Айта кетсек, Криштиану Джуниор бұған дейін Португалияның U-15 құрамасында дебют жасап, мамыр айында Хорватияға қарсы жолдастық кездесуде алғашқы голын соққан болатын.