Ағылшын Премьер лигасында сенсациялық нәтиже тіркелді. “Кристал Пэлас” өзінің рекордтық 18-матчтық жеңілмеу сериясын қайталады.
“Бүркіттер” Лондонда “Ливерпульді” 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл жеңіс “Кристал Пэласқа” тарихта алғаш рет маусымның алғашқы алты турында жеңілмей шығуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, олар “Қызылдардың” жеті ойындық жеңіс сериясына нүкте қойды.
Қазіргі таңда “Пэлас” турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді және клуб тарихындағы үздік басталулардың бірін көрсетіп отыр. Бұған қоса, Лондондықтар Премьер лигада қатарынан 12 матч бойы жеңілген жоқ, бұл да клуб үшін тарихи жетістік. Серия өткен маусымнан бері жалғасып келеді.