Daily Mail басылымының мәліметінше, "Кристал Пэлас" футбол клубы УЕФА-ны "қосарлы стандарттар" қолданды деп айыптап, Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағымдануға дайындалып жатыр.
Клуб басшылығының пікірінше, Еуропа лигасына жолдама алған "Ноттингем Форестке" УЕФА мультиклубтық иелік ережелеріне сәйкестендіру үшін қосымша уақыт берген. Ал дәл осындай жағдайда болған "Кристал Пэлас" мұндай мүмкіндікке ие болмаған.
"Кристал Пэлас” УЕФА мен "Ноттингем Форест” арасындағы электронды хат алмасуды талап етпек. Егер бұл құжаттар CAS-қа ұсынылса, Ағылшындық клуб Еуропа лигасына қатысу құқығын қайтара алады деген үміт бар.
Лондондық клуб УЕФА тарапынан әділетсіз шешім қабылданғанын дәлелдейтін ақпарат осы хаттарда болуы мүмкін деп есептейді. Олар "Ноттингем Форестке” көп уақыт беріліп, "Пэласқа” дәл сондай мүмкіндік берілмегенін мысал ретінде келтіріп отыр.