Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен «Брентфорд» ойыншысы атанды, деп хабарлады англиялық клубтың баспасөз қызметі.
Эриксеннің жаңа командамен келісім-шарты осы маусымның соңына дейін есептелген. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Бірнеше апта бұрын «Интер» Кристиан Эриксенмен өзара мәміле бойынша келісім-шартты бұзған еді. Сондықтан даниялық футболшы «Брентфордқа» еркін агент ретінде ауысты.
Естеріңізде болса, Эриксеннің Еуропа чемпионатында Финляндия құрамасымен болған матч кезінде жүрегі тоқтап қалған болатын. Осыдан кейін Эриксен кардиовертер-дефибриллятор құрылғысын пайдалануда. Бірақ Италияда мұндай құрылғылармен жұмыс істеуге қатаң түрде тыйым салынған. Осыған байланысты даниялық футболшы А сериясында өнер көрсете алмайды.
Біздің серіктес: FONBET