Кристиан Эриксенді өз қатарында көргісі келетін командалар белгілі болды

13.12.2020, 01:27
Үш клуб та ақшаның орнына өз ойыншыларын бергісі келеді.
Кристиан Эриксенді өз қатарында көргісі келетін командалар белгілі болды

"Интер" жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен клубтан 2021 жылдың қаңтарында кетеді, деп хабарлайды Tuttosport.

Дереккөздің айтуынша, даниялық футболшы "Интер" клубының бас бапкері Антонио Контенің жоспарына енбеген. Италиялық клуб ойыншыны 30 миллион еуроға сату, жалға беру немесе басқа бір ойыншыға ауыстыру нұсқаларын қарастыруда. Эриксенге "Пари Сен-Жермен", "Арсенал" және "Бавария" қызығушылық танытып отыи. ПСЖ Эриксенді Леандро Паредеске, "Баварияны" Корентин Толиссоға, "Арсенал" Гранит Джакаға ауыстыруы мүмкін.

Эриксен "Интерге" 2020 жылдың қаңтарында 27 миллион еуроға ауысты, оған дейін ол "Тоттенхэм" клубында жеті жыл ойнады. Бұған дейін Жозе Моуриньо Кристиан Эриксенді "Тоттенхэмге" қайтарғысы келмейтінін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×