Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен жақында «Брентфордпен» келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Mirror.
Дереккөздің хабарлауынша, Эриксен медициналық тексерістен өткеннен кейін англиялық клубпен келісім-шарт жасасады. Футболшы Англия Премьер-лигасында лайықты өнер көрсету үшін бір ай жеткілікті деп ойлайды.
Жақында ғана «Интер» Кристиан Эриксенмен өзара мәміле бойынша келісім-шартты бұзған еді. Сондықтан даниялық футболшы еркін агент болып табылады.
Естеріңізде болса, Эриксеннің Еуропа чемпионатында Финляндия құрамасымен болған матч кезінде жүрегі тоқтап қалған болатын. Осыдан кейін Эриксен кардиовертер-дефибриллятор құрылғысын пайдалануда. Бірақ Италияда мұндай құрылғылармен жұмыс істеуге қатаң түрде тыйым салынған. Осыған байланысты даниялық футболшы А сериясында өнер көрсете алмайды.
Біздің серіктес: FONBET