«Манчестер Юнайтед» даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксенмен бірнеше рет келіссөздер жүргізіп, ойыншының қаржылық талаптарын орындауға келісті, деп хабарлайды Daily Star.
Дереккөздің мәліметіне сенсек, «қызыл сойқандар» даниялық футболшымен жақын арада келісім-шартқа отырады, бірақ Эриксен «Манчестер Юнайтедтің» трансфер терезесінде қалай жұмыс жасайтынын көргісі келетіндіктен, еңбек келісім-шартына қол қоюды кешіктіріп жатыр.
«Манчестер Юнайтедке» ауысқан жағдайда футболшының жалақысы жылына шамамен 8,3 миллион еуроны құрайды.
Эриксен бұған дейін болашағына қатысты тек екі нұсқаны қарастырды: «Манчестер Юнайтедке» ауысу немесе «Брентфордта» қалу.
Кристиан Эриксен өткен маусымда «Брентфорд» үшін Премьер-лигада 11 ойынға қатысып, бір гол соқты, үш нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET