"Барселона" және "АС Миланның" бұрынғы шабуылшысы Кристоф Дюгари Винисиус Жуниор туралы өткір пікір білдірді.
Дюгари бұл пікірін соңғы өткен "Эль Классико" кездесуінен кейін айтты. Оның айтуынша, Винисиустың мінез-құлқы мен алаңдағы қимылы жиі шамадан тыс және қарсыластарына құрметсіз әсер қалдырады.
"Мен Мбаппені оның ойын мәнері мен мінезі үшін жақсы көремін. Ал Винисиус, керісінше, шыдауға келмейтін футболшы. Оның іс-әрекеттері жиі теріс әсер қалдырады.” — деді Дюгари RMC Sport арнасына берген сұхбатында.