“Крылья” кезекті жеңісіне қол жеткізді

Бұл жолы Самара ұжымы ішкі чемпионатта “Ростовтан” басым түсті.

“Крылья” кезекті жеңісіне қол жеткізді

Магомед Адиев баптайтын команда РПЛ 3-туры аясында “Ростовқа” қонаққа барып, алаң иелерінен 1:4 есебімен жеңді. Матч барысында Раков 2+1 (гол+пас) нәтижесін тіркеді. 

Айта кетейік, “Крылья” осыған дейін ішкі чемпионатта Пари НН ұжымынан 2:0 есебімен айласын асырған болатын. Осы кездесулерден кейін “Советов” 7 ұпаймен турнир кестесінде 1 орынға шықты. Самара ұжымы артынан мәскеулік “Локомотив” келеді (6 ұпай).

Кезінде Қазақстан құрамасын жаттықтырған бапкердің нұсқаулығымен “Крылья” жаңа маусымды өте сәтті бастады. Мәселен, ресейлік ұжым чемпионаттағы 3 ойын мен Кубоктегі 1 кездесуді жеңіліссіз аяқтады.  

Ендігі кезекте самаралықтар 9 тамыз күні “Балтиканы” өз алаңында қонақ қылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×