Құмар ойынын ойнайтын төрешілер футболдан шеттетіле ме? Құзырлы органдар қазақстандық төрешілердің бәс тігетін шоттары бар-жоғын тексеруі ықтимал

29.10.2025, 11:26

Түркия футбол федерациясының президенті Ибрагим Этхем Хаджиосманоглу букмекерлік кеңселермен байланысы бар төрешілердің ісін «май шаммен» қарайтынын жеткізді.

Құмар ойынын ойнайтын төрешілер футболдан шеттетіле ме? Құзырлы органдар қазақстандық төрешілердің бәс тігетін шоттары бар-жоғын тексеруі ықтимал
ҚПЛ төрешісі

Бұл туралы «Championat.com» порталы мәлімдеген болатын. Айта кетейік, осыған дейін біраз БАҚ-та Түркия чемпионатында төрелік ететін біраз мамандардың құмар ойынға қатысы бар екені анықталған болатын. Енді жергілікті функционерлер осы келеңсіздікпен жан-жақты күрес жүргізбек. 

«Егер біз түркия футболын өзіне лайықты орнына қайтарамыз десек, оны барлық былықтан тазартуымыз керек», - деді Түркия футбол федерациясының президенті өзінің соңғы сұқбаттарының бірінде.

Соңғы уақытта жергілікті клубтардың Түркиялық төрешілерге деген сенімі кәдімгідей азайып кеткен. Дәлелі – ақпанда болған «Галатасарай» - «Фенербахче» кездесуінде нидерландылық маман Данни Маккели қызмет жасаған еді. Осындай жағдайлардан кейін құзырлы органдар төрешілерге шүйлікті. Нәтижесінде, Түркияның жоғары дивизионынан бастап төменгі лигаларда жұмыс істейтін біраз қазының құмар ойынын ойнайтыны анықталған. Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстан чемпионатында да төрешілердің жұмысы жиі сынға алынып, бірнеше матчта шетелден келген бригада қызмет еткен еді. Соңғысы – ҚПЛ-дің соңғы турындағы «Қайрат» - «Астана» кездесуі. Онда италиялық төрешілер қызмет етті.

Мүмкін, құқық қорғау органдарына Түркиядағыдай қазақстандық төрешілерді де бір тексеру керек шығар. Бұрынғыларын да қазіргілерін де. Сол кезде адал еңбегімен емес пара мен букмекерлік бәс арқылы табыс тауып жүргендерді анықтау қиынға соқпас еді деп ойлаймыз.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×