Құрама бапкері Ислам Чесноковтың таңдауы жайлы: сен соған лайықсың

Бүгін, 12:24

U 21 Қазақстан жастар құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов «Хартс» клубына ауысқан Ислам Чесноков туралы пікірін айтып, ұлттық команда көшбасшысына сәттілік тіледі.

Құрама бапкері Ислам Чесноковтың таңдауы жайлы: сен соған лайықсың
Ислам Чесноков

Танымал маман сондай-ақ, жартылай қорғаушының жаңа сынаққа дайын екендігіне сенім білдірді. Естеріңізде болса, 26 жастағы вингер жуырда Шотландия біріншілігіне барған. Ислам жаңа командасымен 2028-жылдың аяғына дейін келісімшартқа отырды.

«Ислам Чесноков үшін жаңа орта - үлкен сынақ. Шотландия – мінез бен тәртіпті талап ететін үлкен футболдың мекені. Ондағы талап өте қатаң, бірақ бұл мінезді, рухтыларды шыңдайтын лига. «Хартс» зор жауапкерішілік арқалаған клуб және сен соған лайықсың. Бастысы – еңбек, шыдам мен тәртіп. Әр күн сайын өзіңді жең. Ел үмітін ақта. Алға басқан қадамдарың нық болсын, бауырым», - делінген Е. Ахметовтың жазбасында.

Ислам Чесноков соңғы бірнеше маусымды «Тобыл» сапында өткізді. Қостанайлық команда сапында 2024-жылғы маусымда ҚПЛ үздік сұрмергені болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×