Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің қазіргі уақыттағы ең қымбат ойыншылары тізімі жарияланды.
Грузия - Хвича Кварацхелия («Пари Сен-Жермен») – 80 млн
Украина – Илья Забарный («Пари Сен-Жермен») – 40 млн
Өзбекстан - Абдукодир Хусанов («Манчестер Сити») – 35 млн
Ресей - Максим Глушенков («Зенит») – 15 млн
Армения - Наир Тикнизян («Локомотив») – 6 млн
Литва - Гвидас Гинейтис («Торино») – 5 млн
Молдова – Олег Рябчук («Спартак») – 4 млн
Қазақстан - Нұралы Әліп («Зенит») – 3,5 млн
Эстония – Карл Хейн («Реал Вальядолид») – 3 млн
Әзербайжан - Нариман Ахундзаде («Карабах») – 1,8 млн
Беларусь - Валерий Громыко («Қайрат») – 1 млн
Латвия - Янис Икауниекс (РФС) – 0,8 млн
Қырғызстан - Гүлжігі Алықұлов («Торпедо») – 0,7 млн
Тәжікстан – Зоир Джурабоев («Согдиана») – 0,7 млн
Түркіменстан - Гуйчмурад Аннакулиев («Аркадаг») – 0,2 млн
«Зенит» ойыншысы Нұралы Әліптің трансфер құны екі жылда 2 млннан 3,5 млнға дейін көтерілді. Қорғаушы Ресей чемпионатына ауысу арқылы еліміздің ең қымбат ойыншысы саналған Бақтиер Зайнутдиновтан 500 мың еуроға жоғары бағаланды.
Алдағы уақытта бұл тізімге еліміздің атынан жас талан Дастан Сәтпаев кіруі ғажап емес. Қазірдің өзінде 17 жастағы шабуылшы құны - 1,80 млн еуроны құрауда. «Қайрат» түлегі қазірде ішкі чемпионаттың ең қымбат футболшысы көшін бастап тұр.