Алдағы күндері 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қыркүйектегі матчтарға арналған Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланады.
Бас бапкер Әли Әлиев бастаған жаттықтырушылар штабы қазір Қазақстан чемпионатындағы барлық клубтарды мұқият бақылап отыр. Қайта шақырылуы ықтимал футболшылар қатарында "Ақтөбе" қорғаушысы Бақдат Қайыров, "Елімай” жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов және "Ақтөбе" шабуылшысы Оралхан Өміртаев бар.
Сонымен қатар, құрамаға алғаш рет "Қайрат” қорғаушысы Дамир Қасабулат шақырылуы мүмкін. Ұлттық құраманың жаттықтырушыларын оның Чемпиондар Лигасы іріктеуінде көптеген матч өткізіп, жауапты кездесулерде Алматылық клубтың негізгі құрамынан орын алғаны қатты тәнті еткен.
Қызығы, тұрақты ойын тәжірибесі жоқ болса да, "Астана" қорғаушысы Марат Быстров та құрамаға шақырту алуы ықтимал.
Қазақстан құрамасы қыркүйекте 2026 жылғы ӘЧ іріктеуіндегі келесі матчтарын өткізеді:
4 қыркүйек – Астанада Уэльсқа қарсы
7 қыркүйек – Бельгиямен сырт алаңда