Құраманың іріктеу кезеңінің плей-офф кездесулеріне шақырту алған ойыншылар тізімі белгілі болды

Пауло Рикардо Кака Қазақстанның Италиямен болатын қос матчына 17 ойыншыны шақыртты.

Құраманың іріктеу кезеңінің плей-офф кездесулеріне шақырту алған ойыншылар тізімі белгілі болды

Ел құрамасының Италияға қарсы алғашқы кездесуі 18 қыркүйек күні Фазанодағы PalaSport спорт кешенінде өтеді. Қарымта ойын 5 күннен кейін Астананың Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады деп жоспарланған.

Аталған кездесулерге шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар:

Лео Игита, Қанат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов

Алаңдағы ойыншылар:

Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Дамир Қайырбай, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин, Ержан Карменов, Әбдірәсіл Абдыманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықов, Владислав Черномордов.


 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×