Құраманың қыркүйектегі ойындарына 33 мыңдай жанкүйер келген

Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы қос кездесуін 32 987 фанат тамашалаған, деп жазады Kazfootballkz.

Құраманың қыркүйектегі ойындарына 33 мыңдай жанкүйер келген

Құрамамыздың Норвегияға қарсы Алматыдағы ойынына 23 173 көрермен келген.

Үш күннен кейін “Стожицеде” Станислав Черчесов шәкірттері Ұлттар Лигасының 2-тур матчын өткізді. Люблянадағы ауыр кездесуде  9 814 жанкүйер болды.

Жалпылай есептегенде, құрамамыздың қос ойынында 32 987 адам өз командасына қолдау білдірді. 

Келесі кездесуін Қазақстан 10 қазан күні сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізбек. Дәл қазіргі сәтте құрама қоржынында 2 ойыннан кейін 1 ұпаймен турнирлік кестеде 4 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×