Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Орталық стадионның құрылыс барысын тексеріп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
11 мың көрерменге арналған жаңа спорттық нысан заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, УЕФА талаптарына сай салынған. Жалпы аумағы – 20 мың шаршы метр. Стадион тек футбол матчтарын ғана емес, түрлі спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.
Кешен құрамында:
Стадион ғимараты үш қабаттан тұрады:
Бұл нысанның ерекшелігі – халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға толық мүмкіндік беруінде. Енді Қызылордалық жанкүйерлер әлемдік деңгейдегі спорт додаларын өз қаласында тамашалай алады.