Қуаныш Қабдолов «Каспийдің» бас бапкерлігінен кетті.
Қазақстандық маман ақтаулық ұжымды биыл шілденің аяғында тізгіндеген болатын. Қ. Қабдолов «Каспиймен» Бірінші лиганың өткен маусымында 58 ұпай жинап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Отандық жаттықтырушы ақтаулық командаға дейін 2022-жылы «Тұран» бас бапкерінің ассистенті болып жұмыс істеген. Жалпы, Қабдоловтың бапкерлік мансабындағы алғашқы қадамдарын «Атырау» клубының бас бапкерінің көмекшісі қызметінен бастағандығы белгілі.
Біздің серіктес: FONBET