Қуаныш Қабдолов: Стадиондағы атмосфера «Ақтөбеге» қосымша күш берді

25.07.2025, 15:16

Отандық бапкер әрі «Атырау» клубының спорт директоры Қуаныш Қабдолов «Ақтөбенің» КЛ-ның 2-іріктеу кезеңіндегі бірінші ойынына қатысты пікірін білдіріп, клубтың келесі айналымға шығу мүмкіндігіне тоқталды.

Қуаныш Қабдолов: Стадиондағы атмосфера «Ақтөбеге» қосымша күш берді
"Ақтөбе" - "Спарта" кездесуі

Кеше Вячеслав Левчук шәкірттері чехиялық «Спартаны» қабылдап, 2:1-мен басым түскен. Командалар арасындағы жауапты матч 31-шілдеде Чехияда өтеді.  

«Ойын біз күткендей болды. Ақтөбеліктер қорғаныста сыр бермей, өз мүмкіндіктерін күтіп, тиісті голдарын сала алды. Матч соңындағы қажет емес пенальти, қарымта кездесуде «Спартаға» бір басымдық сыйлайды. Меніңше, бұл пенальтиді белгілеуге ешқандай негіз болған жоқ. Бірақ, жалпы айтқанда, «Ақтөбенің» ойыны ұнады. Бәсекеге қойған жоспарлары жүзеге асты деп ойлаймын. Алаң иелерінің ойынға деген құлшыныстары көрініп тұр, барлық эпизодтарда жандарын салып күресті. Стадиондағы атмосфера «Ақтөбеге» қосымша күш берді. Қарымта ойында да әрине оңай болмайды. Десек те, «Ақтөбенің» мүмкіндігі бар. Қорғаныста сауатты ойнап, шабуылда болатын мүмкіндіктерін мүлт жібермесе, ары қарай өтуге болады. Жалпы, келесі кезеңге өтеді деп үміттенемін, соны ақтөбеліктерге тілеймін», - деді Қ. Кенжәліұлы.

«Ақтөбе» Еурокубоктегі жолын ЕЛ-дан бастаған. Онда қос ойында «Легиядан» ұтылып, жарысты аяқтаған болатын (0:1, 0:1).

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×