Ақтаулық “Каспий” команда бапкері қызметіне 37 жастағы Қуаныш Қабдуловты тағайындады.
Қабдулов бапкерлік мансабын “Атыраудың” жаттықтырушысының көмекшісі ретінде бастаған. Кейінірек “Тұранның” бас бапкері міндетін уақыт атқарды. Оның тізгінінде түркістандық ұжым 12 ойында 3 жеңіс, 7 тең ойын және 2 жеңіліс тіркеді.
16-турдан кейін “Каспий” Бірінші Лиганың турнирлік кестесінде 27 ұпаймен 6 орында келеді.
Қуанышқа дейін ақтаулық ұжымды Владимир Никитенко баптап келді.
Біздің серіктес: FONBET