Қуаныш Қаболов «Ақтөбе» - «Спарта» кездесуі жайлы: алдыңғы шептен Оралхан Өміртаевты көргім келеді

24.07.2025, 15:31

«Атырау» клубының спорт директоры Қуаныш Қабдолов «Аладоп.кз» сайтының тілшісімен КЛ 2-іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбе» - «Спарта» ойынына қатысты пікірімен бөлісіп, командалардың мықты-осал тұстарына тоқталды.

Қуаныш Қаболов «Ақтөбе» - «Спарта» кездесуі жайлы: алдыңғы шептен Оралхан Өміртаевты көргім келеді
"Ақтөбе" футболшылары голдарын тойлауда

- Қуаныш Кенжәліұлы, «Спарта» жайлы не айтасыз? Прагалық команданы «Легиядан» анағұрлым мықты деп жатыр...

«Спарта» тәжірибесі мен класы жоғары команда. Чехияда чемпионат енді басталғанына қарамастан, команда Конференциялар Лигасына жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Олар «Копенгаген», «Янг Бойз» сияқты командалармен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жеткен болатын. «Спартаның» алдыңғы шебінде ойнайтын Ян Кухта дейтін шабуылшыға үлкен назар аудару керек. Сонымен қатар, Лукас Хараслин дейтін вингерлері бар. «Ақтөбе» алдыңғы шепте ойнайтын осы екі футболшыға үлкен көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

- «Ақтөбеге» алаңы мен жанкүйерлерінің қосымша қолдау болатыны анық. Тағы қандай басымдық байқап тұрсыз?

- Енді бұл бәсекеде «Ақтөбеге» қиын болады. Меніңше, алаң иелері бүгін қорғаныста ойнайды. Ақтөбелік клубтың соңғы кезде шабуылдағы ойыны көңіл көншітпейді. Кешке алдыңғы шептен Оралхан Өміртаевты көргім келеді. Ол қарымта шабуылдарда, сондай-ақ, стандартты жағдайларда өзін жақсы қырынан көрсете алатын футболшы. Өз алаңы мен жанкүйерлері «Ақтөбенің» басты қаруы. Қорғаныста жинақы ойнап, қарымта шабуылдарда қарсылас қорғанысынан саңылау таба алса, алаң иелері үшін оң нәтиже болуы мүмкін. Өз алаңында бұл әбден мүмкін жағдай.   

- Пікіріңізге көп рахмет!

-Сіздерге де!

Айта кетейік, командалардың жауапты матчты 31-шілдеде Чехияда болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×