
Танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Шымкент әкімінің «Ордабасы» клубындағы былыққа қатысты сөздерінен кейін өзінің пікірін білдірді.
Айта кетейік, Шымкент қаласының басшысы Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» ойыншыларының орташа жалақысы 15 миллион теңге екенін және де Асхат Тағыберген секілді ардагер футболшылардың 20 миллион теңгеге дейін айлық алып отырғанын мәлімдеген еді. Алайда, шаһар басшысы бұл футболшылармен келісімшартты үзе алмайтынын айтып, налыған болатын.
«Біздегі команданы батпақ қылып кеткен. Ойыншылардың орташа айлығы - 15 миллион теңге. Екі жылға келісімшартқа отырған. УЕФА-ға тіркеп қойған. Біз оны тоқтатсақ, онда соңына дейін айлығын төлеп беруіміз керек. Ештеңе істей алмаймыз. Бәрімен сөйлесіп, біртіндеп кетіріп жатырмыз. Ашығын айтайын, Асхат Тағыберген сияқты ойыншылар қазір ойнай алмайды да, кетпейді де, отыр. 20 миллион теңге жалақыдан алып отыр. Мен ештеңе істей алмаймын. Тоқтатсам, соңына дейін төлеп беруім керек. Өзімізден 10 жас баланы қостық. Мұның бәрін көпшіліктің сұрағына нүкте қою үшін айтып жатырмын. «Оңтүстік» секілді жастар командалары тек құжат жүзінде болған. Достарым жеке қаражатына Хорватия мен Сербияға апарып келді, формасын алып берді, енді автобус әперейін деп жатыр», - деді Ғ. Сыздықбеков.
Осыдан соң футболшыларға түрлі айып тағып жүрген Қуат Хамитов үнсіз қалма алмады. Ол футболшыларда патриотизм жоқ деп айыптады.
«Футболшылар арасында патриот жоқ! Олардың бәрі саудагер, тек ақша үшін ойнайды», - деп жазды Қ. Хамитов.
Біздің серіктес: FONBET