Қуат Хамитов Винисус пен Мбаппені жекпе-жекке шақырды? ММА шебері қатты ашулы

18.04.2025, 15:50

Қуат Хамитов мадридтік «Реалдың» Чемпиондар Лигасының ширек финалының қарымта кездесуіндегі сәтсіздігінің себебін түсіндірді.

Қуат Хамитов Винисус пен Мбаппені жекпе-жекке шақырды? ММА шебері қатты ашулы
Қуат Хамитов

ММА-де бақ сынайтын спортшының пікірінше испаниялықтардың «Арсеналдан» 1:2 есебімен жол беруіне екі футболшы кінәлі екен.

«Кеше мадридтік «Реал» мен «Арсенал» арасындағы ойынды тамашаладым. «Реалдың» жанкүйері ретінде айтарым — «Реал» Винисиус немесе Мбаппеден (екеуінің бірінен) құтылмайынша, команда жақсы ойнап, жеңіске жете алмайды. Себебі, әрқайсысы өз бетімен ойнап жүр. Сіздер не ойлайсыздар?», - деген жазба қалдырған болатыне Қ. Хамитов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының ширек финалының қарымта ойынында лондонның «Арсеналы» сырт алаңда «Реалды» 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×